ДБ ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың психофизикалық және сөйлеу тілінің дамуы мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді және баланың негізгі даму: сөйлеу тілі, танымдық, әлеуметтік-эмоционалдық, моторикалық және өзіне-өзі қызмет ету аясын қамтиды.
ЖДБ құру үшін баламен түзету жұмысының басым бағыттарын одан әрі анықтау үшін оның психофизикалық жағдайын кешенді тексеруді мамандар (мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед (логопед); педагог-психолог, психолог, әлеуметтік педагог) жүргізеді.
ППТК-дегі түзете-дамыту процесін ұйымдастыру "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы 499 қаулысына сәйкес ППТК - де түзете-дамыту процессін ұйымдастыру бекітілген Оқу жоспарымен, жекелей түзете-дамыту бағдарламасымен, күнтізбелік жоспармен және сабақтардың кестесімен регламенттеледі.
ППТК-дегі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға
түзете-дамыту тұрғысынан оқытуды ұйымдастырудың формалары жеке немесе шағын топтық және топтық сабақтар, консультативтік сабақтар, қысқа мерзімді топтар болып табылады.
Топтар бір жас шамасы немесе әртүрлі жас шамасы қағидалар бойынша жинақталады. Топтар саны ППТК және түзету-педагогикалық жұмысты жүзеге асыру үшін арнайы жағдайлардың болуымен айқындалады.
Сабақтың ұзақтығы ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың жасына байланысты:
1) жеке сабақтар - 20-30 минутты;
2) екіден бес жасқа дейінгі мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға арналған топтық сабақтар - 35-40 минутты;
3) мектепке дейінгі ересек бестен жеті жасқа дейінгі және мектеп жасындағ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>