Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті қызметінің тәртібі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті
қызметінің тәртібі
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың қалыптасуына, айығуына, мүмкіндіктеріне қарай, білім беру, медициналық, педагогикалық қажетті жағдайларды туғызу ҚР 2002 жылғы 11-шілдеде қабылданған 343 "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық қолдау арқылы түзеу" Заңымен жүзеге асып келеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы "14" ақпандағы 66 бұйрығының 9-қосымшасы "Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары" бойынша қызмет атқарады.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті арнайы түзетуші топтық, шағын топтық және жеке дамытушы бағдарламаларды іске асыратын және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін құрылатын арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.
ППТК-не балаларды жіберу және орналастыру ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімімен ПМПК қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Балаларды ППТК-не қабылдау жыл бойы жүргізіледі.
ППТК психологиялық-педагогикалық көмекті ПМПК қорытындысы негізінде туылғаннан он сегіз жасқа дейінгі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға:
1) көру қабілеті бұзылған;
2) есту қабілеті бұзылған;
3) сөйлеу тілінің бұзылыстары бар;
4) сөйлеу тілінің дамуы тежелген;
5) тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар;
6) зерде бұзылыстары бар;
7) психикалық дамуы тежелген;
8) эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар;
балаларға көрсетеді.
Түзете-дамыта оқытудың мазмұны осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке дамыту бағдарламасымен (бұдан әрі - ЖДБ) айқындалады. Ж

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: