Пенитенциарлық жүйедегі кешкі мектептерде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

урстарының көптеген түрлері қолданылады: анимациялар, интерактивті суреттер мен схемалар, интерактивті тапсырмалар. Сабақ кезеңдерінде олардың әрқайсысын жан-жақты пайдалану қажет. Цифрлық білім беру ресурстары табиғи объектілер мен көрнекі құралдарды толықтырып отырады. Бұл кезде мұғалімнің оқыту барысында белгілі бір жағдайға бейімдеуге, оқушылардың дайындық деңгейін ескеріп, оқушылардың жеке шығармашылық потенциалын ашуға мүмкіндіктері мол.
Интерактивті суреттер - интерактивті модельдердің қарапайым түрі. Ол суреттер екі режимде жұмыс жасайды. Бірінші режим - демонстрациялық, екіншісі - тестілік. Демонстрациялық режимде суреттермен жұмыс жасаған кезде үш опциямен басқарылады: "Көмек", "Көрсету", "Жасыру".
"Көмек" опциясында оқушы суреттің белгілі бір бөлігін ғана көре алады. Мұғалім оқушылардың назарын биологиялық объекті құрылысының қажетті бөлігіне аударып, жаңа материалды түсіндіреді немесе оқулықпен өз бетінше жұмыс жасайды, тақырып бойынша білімді тексеруге арналған тапсырмаларды орындайды. Оқушы нақты объект бойынша белгілі бір сұраққа жүйелі жауап бере алады. Сонымен қатар, суреттердің үстіне курсорды апарған кезде, экраннан әрбір құрылымның қысқаша сипаттамасы көрінеді. Интерактивті суреттер арқылы сыныптағы барлық оқушылармен фронтальды жұмыстар, компьютерде оқушының жеке жұмыстары ұйымдастырылады.
"Көрсету" опциясын басқанда сурет толық беріледі. Мұны жаңа сабақты қорытындылау мен бекітуде, зертханалық жұмыс жасағанда қолдануға болады.
"Жасыру" опциясында суреттің сипаттамасы жасырын тұрады, жаңа сабақ бойынша сурет арқылы биологиялық объектілердің құрылысын түсіндіруге, оқушының білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Тестілік режимнің тиімділігі - оқу материалын бекітуде

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: