тық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу. Тәуелсіз еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпаққа сапалы білім беріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруда электрондық оқыту жүйесі мен оның берер мүмкіншілігі мол болары сөзсіз.
Қазіргі заманғы озық технологияларды құрастыру және пайдалану
негізінде Ұлттық ақпараттандыру орталығында (ҰАО) орта мектепте
оқытылатын пәндер бойынша Қазақстан республикасының жалпыға ортақ білім беретін және жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай электрондық оқулықтар дайындалып, қолданысқа беріліп отыр.
Қорытынды
1. Мектеп бойынша қазақ тілі және қазақ әдебиетін оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны қолданудың дидактикалық аспектілері айқындалды.
2. Зерттеу барысында компьютердің барлық мүмкіндіктерін қолдануға болатындығы дәлелденді.
3. Материалды оқып-үйренудегі компьютердің артықшылықтары оның келесі мүмкіндіктеріне байланысты. Олар: ақпараттың көрнекі түрде бейнеленуі; иллюстрациялардың динамикалық сипаттамасы; іс-әрекеттің бірнеше рет қайталануы және басқарылуы; оқытудағы жеке - дара
тәсілдің жүзеге асуы; оқытудың репродуктивті ғана емес, проблемалық және
т. б. әдістерін қолдану.
4. 9-12 сыныптарда қазақ тілі және қазақ әдебиетін оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың әдістемесі жасалды және оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы тексерілді. Нәтижесінде, компьютерлік технологияны қолданудың әдістемесі оқушылардың танымдық іс-әрекетінің 10-13 -ға артқандығын көрсетті.
"3 кешкі мектебі" КММ қазақ тілі және қазақ әдеби
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 > >>