Пенитенциарлық жүйедегі кешкі мектептерде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

, оқушы суретке берілген сипаттамалардың ішінен дұрыс жауапты таңдауы тиіс. Тапсырма орындалған соң, автоматты түрде тапсырманың жауабы тексеріледі. Оқушы білімін сыныпта, үйде дербес компьютерде интерактивті суреттермен жұмыс жасай отырып, тексере алады.
Цифрлық білім беру ресурстарының қорынан барлық салалар бойынша flash-анимацияларды табуға болады.
Flash-анимациялар - оқытылатын тақырыпқа байланысты берілетін ұғымдар мен түсініктерді қозғалмалы суреттер, сызбалар, жазбалар мен диктордың оқыған мәтіні арқылы берілетін оқу роликтері. Flash-анимациялар арқылы ақпарат белгілі бір көлемде және мұқият ойластырылған дикторлық мәтінмен беріледі. Анимацияларды қараудың ұзақтығы - 30 секундтан 20 минутқа дейін.
Сабақты компьютерлік сыныпта өткізген кезде оқушыларға әртүрлі күрделіліктегі тапсырмаларды орындатуға болады: құбылыстар мен процестерді сипаттау, анимациядағы сұрақтарға жауап беру, анимацияларға сүйене отырып, тірек-конспектілер мен сұрақтар дайындау. Қазіргі кездегі сабақтардың көрнекі құралдарына оқу видеофильмдері ерекше орын алады. Видеофильмдер көрсетілмес бұрын оқушыларға сұрақтар қойылады, оқушылар ол сұрақтарға видеофильмді көріп болған соң жауап береді. Бұл оқушылар бойында алдына мақсат қойып, сабақтың тақырыбына деген оқушылардың қызығуын туғызады. Видеофильмдердің дауысын басып қойып, оқушылар жүріп жатқан көріністерге өздігінен комментарий жасайды.
Оқыту барысында қолданылатын әдістемелерді дұрыс таңдап, оқыту үрдісі мақсаттары мен талаптарына сай жетілдіріп, қарқындылығын арттыра түсу қажет. Ақпараттандырылған оқыту барысында сандық оқыту құжаттары, компьютерге арналған ойындар, мерзімді электрондық құралдар, оқу құралдары мен оқу порталдарын құрастыру көзделуі керек. Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азамат

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: