Пенитенциарлық жүйедегі кешкі мектептерде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктері

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

нықтамалық материалдар ретінде де пайдаланыла бастады (күндізгі мектептерде). Цифрлық білім ресурстары оқытушыларға оқытудың әр түрлы мақсаттары үшін оқу материалын қалыптастыруға мүмкіндік беруе бастады. Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау стандарты мен ережелері құрылды.
Цифрлық білім беру кешендерінің мазмұны:
::Ақпарат алу блогы: ғылыми мақалалар, мәтіндер, оқулықтағы мәтіндерден үзінді, иллюстрациялар, анимациялар және тағы да басқа мультимедиалық құрылымдар, мультимедиалық презентациялар.
::Виртуалды галерея: видеофрагменттер, анимация, шынайы и иллюстрациялық суреттер, дыбыстық объектілер.
::Виртуалды зертханалар: интерактивті модельдер, интерактивті анимациялар, виртуалды зертхана;
::Анықтамалық материалдар: графиктер и диаграммалар, ғалымдардың өмірдеректері, аннотациялы Интернет - сілтемелер.
::Терминдер, анықтамалар сөздігі.
::Аттестация: зерттеу жұмыстарына арналған сұрақтар мен тапсырмалар, есептеулер.
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінен цифрлық білім ресурстарын дайындау барысында сәйкес стандартар мен ережелер толық қамтылған. Әрбір тақырыптың интерактивті тапсырмаларының берілуі былай көрсетіледі:


Берілген суретте тапсырма нөмірі, ЦБР нөмірі, тақырыбы, қысқаша
сөйлемдер, сұрақ және сол сұраққа жауап беретін тірек сөздер көрсетілген.

Цифрлық білім ресурстарын дайындаудың негізі видео-мультимедиалық
түсіндіруге сүйенеді. Кез келген тапсырма диалог ретінде көрсетіледі.

Цифрлық білім беру ресурстарын сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады: өткен тақырыптағы білімді еске түсіру, оқушылардың білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау, үй тапсырмасын тексеру.
ЦБР - оқу процесін ұйымдастыруда

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: