стық технологияны мектеп тәжірибесіне енгізу методологиясы (Е. Ы. Бидайбеков, А. А. Кузнецов, Э. И. Кузнецов, Е. И. Машбиц, Е. Ө. Медеуов, В. М. Монахов, Г. Қ. Нұрғалиева, И. В. Роберт және т. б. ), эмпирикалық және теориялық жалпылаудың түрлері (В. В. Давыдов, С. Л. Рубинштейн), дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдісі (П. М. Эрдниев) және т. б.
Зерттеу көздері:
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, орта мектептің пәндік оқу бағдарламалары, педагог және әдіскер ғалымдардың зерттеу мәселесіне қатысты іргелі еңбектері.
Зерттеу әдістері:
қарастырылып отырған зерттеудің теориялық- әдіснамалық негізін айқындау мақсатында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жасау; қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша жасалған оқу бағдарламаларына, оқулықтарға, , әдістемелік құралдарға, ғылыми-әдістемелік негізде талдау жасау;
оқушылардың білім, білік және дағдыларының жайын зерттеу;
пән мұғалімдерімен әңгімелесу;
тәжірибелік-эксперимент жүргізу;
компьютерді қолданып жүргізілетін практикалық жұмыстарды зерделеу;
сауалнамалар жүргізу; эксперимент нәтижелерін статистика көмегімен өңдеу және қорытындылау.
Зерттеу кезеңдері: зерттеу бір-бірімен байланысты үш кезеңнен тұрады.
Зерттеу жұмысының бірінші кезеңінде (2010 - 2012ж. ж. ) қойылған проблемаларға байланысты психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер зерделеніп, оларға талдау жасалды және 9-11 сыныптарда қазақ тілі және қазақ әдебиетін оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны іс жүзінде қолдану тәжірибелері зерттелді. Қазақ тілі және қазақ әдебиетін оқыту сапасын арттыруда цифрлық білім беру ресурстар
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>