Педагогикалық технологиялар.
Қарағанды қаласы, ДШБАО 3 АМИ,
директордың орынбасары Смагулова Ш. Ш.
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық оқу- мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді.
Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден тәрбие үрдісін, білім мазмұнын түбірімен жаңартумен қатар, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеге енгізуді жүзеге асыруды талап етеді.
Осы ретте біздің педагогтер талабына сай баланың психологиялық, жеке және жас ерекшеліктерін, табиғи қабілеттері мен даму деңгейін ескере отырып, дәстүрлі әдіс-тәсілдермен бірге жаңа технология элементтерін таңдап қолдануда.
Мониторинг (басым көп қолданылатын технологиялар)
Жүйелі түрде сабақта және тәрбие сағаттарында қолданылатын технологиялардың бірі- ойын технологиясы.
Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Түрлі педагогикалық ойынның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуы, оның оқу-танымдық бағыты және педагогикалық нәтижесімен анықталады.
Сабақта ойын элементтерін қолдану бастауыш және орта буын арасындағы бірізділікті сақтай отырып білім беру мен тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. .
Мысалы бастауыш және 5-10 сыныптарда тіл, математика сабақтарында жаңа тақырыпты түсіндіру, қайталау, пысықтау, жаттығу барысында қолданылатын "Сиқырлы сөздер", "Адасқан әріптер", "Ғажайып кесте", "Тылсымсан", сюжеттік-рөлдік, дидактикалық ойындар сабақтан тыс шаралар мен тәрбие сағаттарында да жалғасын табады.
Ойын оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді.
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>