ері мен ғылыми журналдарды пайдалана отырып жан - жақты зерттеу, баяндау.
1. Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіру, жаулап алу, отарлау
М. Мырзахметовтың "Қазақ . . . қалай . . . орыстандырылды" кітабында Қазақстанның Ресейге қосылу тарихының бастамасын, себебін, барысын жан-жақты баяндайды. Ресей мемлекеті Шығыстағы өзінің мемлекеттік шекарасын кеңейтуге мүддесін білдірді. Мемлекеттік билікті орталықтандыру және күшейту шаралары бойынша шығыс мемлекеттермен көршілес жатқан халықтармен сауда айырбастау және өзге де қарым-қатынас жасау нысандары айтарлықтай өскендігі айтылған.
2. Әскери бекіністер мен шептердің салынуы
С. Мәшімбаевтың "Патшалық Ресейдің отарлық саясаты" атты кітабында XVIIІ ғасырдың басында патшалық Россия қазақ даласында әскери бекіністерді салу арқылы өзінің әскери - отаршылдық әрекеттерін бастағандығы туралы айтады. Қазақ даласы Россияны шығыс мемлекеттерімен жалғастыратын маңызды көпір ретінде қарастырылған.
3. 1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы
С. М. Мәшімбаевтың "Патшалық Ресейдің Қазақсандағы мемлекеттік басқару мекемелерінің тарихы" еңбегінде 1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже мен Қазақ даласында хандық биликтің жойылғандағы туралы айтылады. Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар туғызды.
4. Қазақстанда жаңа әкімшілік-территориялық басқару жүйесінің ендірілуі. 1867-1868, 1886, 1891 жылдардағы реформалар
"Ш. Уәлиханов Шығ. жин. 5 т. Алма-Ата. 1985. Т. 4. 114-бет,: Гуревич. В. П. XVII-XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Орта Азиядағы халықаралық қатынастар. М. 1976ж. 176-
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>