ын шарты: Ойын балаларды тез ойлауға жаттықтырады. Логопед "а" деп дауыстап ,допты кез келген балаға лақтырады,ол "а" дыбысынан басталатын сөзді айтады.
Бұл қай мезгіл?
Ойынның мақсаты: Төрт мезгіл мен өзгерістерін ажыратып айтқызу. Сөздік қорын байыту.
Көрнекілік: Төрт мезгілдің суреті.
Ойын шарты: Суретте көрсетілген әр мезгілдің ерекшеліктеріне тоқталады.
Ауа райының екекшеліктерін айтады.
Жалпы атауын ата
Мақсаты: Балаларға заттарды жеке - жеке таныстыра келе, ең соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешу арқылы тапқырлыққа ,шапшаңдыққа баулу.
Көрнекілік: Жемістер,ойыншықтар, оқу құралдары ,үй жиһаздары.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға хатқалтаның ішіне салынған жемістер,ойыншықтар,оқу құралдары,үй жиһаздарының суреттері бар бірнеше сериялы дидактикалық материалды таратып береді. Осы материалдарды жалпы атауына сәйкес топтастыру қажет. Өзінің қалай топтағанын дәлелдеп айтуы тиіс.
Қайсысы қайда тіршілік етеді?
Ойынның мақсаты:Суреттен көрген заттарының аттарын атап,олардың қайда өмір сүретінін айтқызу. Сөздік қорын молайту.
Көрнекілік:Теледидар, түрлі жануарлар мен құстардың суреттері,
Ойын шарты: Әртүрлі аңдар, құстарды көрсетіп, олардың қайда өмір сүретіні сұралады. Олардың немен қоректенетінін айтқызу.
Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін тапсырманы түрлендіруге болады. Ол туралы балалардың білетін өлең,жұмбақтарын айтқызу.
Балабақша
Ойынның мақсаты:Балабақша қызметкерлерін және оларға қажетті құралдарды дұрыс атап,ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер:Тәрбиеші,дәрігер,аспазшы және оларға қажетті құралдар.
Ойын шарты:Тәрбиеші,дәрігер,аспазшыға керек құрал-жабдықтардың аттарын атап, топтастырады. Мысал
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>