Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамыту

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ы тәрбиешіге кітап, қалам, дәптер керек.




Қарап ал да есіңе сақта
Ойынның мақсаты:Көрген суреттерді есіне сақтап,көз алдына елестете отырып,әрқайсысын ретімен атап шығуға,үй жануарларын,аңдарды және құстардың жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға,қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үй жануарлары,аңдардың,құстардың суреттері.
Ойын шарты:Әртүрлі суреттерді экраннан көрсетіп шығады. Балалар бірінші суреттен үй жануарларын,екінші суреттен жабайы аңдарды айтады.
Үшінші суреттен құстарды атап шығады. Жалпы және жеке ұғымдарды бекітіп,оларға қамқоршы болу үшін не істейтіндері сұралады.

Дәл осындай пішінді тап
Ойынның мақсаты: Геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: Бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Ойын шарты: Алдарындағы "сиқырлы құлыпты"ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де "сиқырлы", геометриялық пішіндерден құралғандығын айту. Әр бала құлыпты сай келетін кілтті тауып, құлыпты ашады.

Үйдің есігін жабайық
Ойынның мақсаты:Заттарды өлшемі бойынша салыстыруға,жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары:Үйдің, есіктің суреттері.
Ойын шарты: Қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.




Қарама-қарсы сөздер
Ойынның мақсаты: антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын мағыналары қарама-қарсы сөздермен молайту.
Көрнекіліктері: доп, карточкалар.
Ойын шарты: балаларға кезекпен допты лақтырып, бір сөз айтады. Ал доп ұстап алған

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: