еттік белгіні қояды.
Түсін сәйкестендір
Ойынның мақсаты: Балалардың көру арқылы қабылдау ,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту,түстерді естеріне сақтап айыра білуін және ұсақ моторикасын дамыту.
Ойын шарты: Педагог балаларға әр түстен домалақ фигура мен дәл сондай түстегі таяқшаларды қояды. Бала домалақ фигураға дәл сәйкес келетін таяқшаны орналастыруы керек.
Моншақ өткізейік
Ойынның мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін , қол қимылдарының икемділігін ,қозғалысын ,ұсақ моторикасын дамыту.
Ойын шарты: Ойын үстел басында бір немесе екі-үш баламен ойнатылады. Ойнау барысында педагог балаларға моншақ пен бау береді. Балалар бауға моншақты әдемілеп орналастыруы керек.
Сөз ойла,тез ойла
Ойынның мақсаты: Балалардың ойлау, ұзақ уақытқа есте сақтау қабілеттерін сөздік қорларын дамыту.
Ойын шарты: Ойын бір топ баламен ойнатылады. Ойнау барысында педагог балаларға белгілі бір тақырыпта сөз ойлуын өтінеді,және балаларға қарай доп лақтырады. Доп жай доп емес ,массажды доп болғаны дұрыс. Баласөз ойланып отырған кезде ,сол доппен қолына массаж жасай отырады. Сөзді ойлаған соң бала жауапты айтып, допты кері қайтарады.
Ненің дауысы?
Ойынның мақсаты: Балалардың есту және көру арқылы қабылдау ойлау ойлау, есту арқылы есте сақтау ,дыбыстық еліктеу қабілеттерін сөздік қорларын дамыту.
Ойын шарты: Ойын бір топ баламен ойнатылады. Педагог балаларға жануардың немесе табиғат құбыластарының суретін көрсетіп немесе атын атап ,оның қалай дыбыс шығаратынын айтып,атауды өтінеді. Балалар суретті көріп немесе жануар атын ести сала оның қалай дыбыс шығаратынын атаулары қажет.
Аталатын дыбыстан басталатын сөз ойла
Ойынның мақсаты: Есту арқылы қабылдау ,сөздік қорын дамыту,сөздегі дыбыстарды дұрыс айту.
Ой
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>