Ойын арқылы балалардың сөздік қорын дамыту

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7

бала тәрбиешіге кері лақтырып, айтылған сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді айтуы керек.

Үй жануарлары мен төлдері
Ойынның мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға, олардың қимылын, қалай дыбыстайтынын және дене мүшелерін суреттеп, үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үй жануарларының, төлдерінің суреттері.
Ойын шарты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Олардың қалай аталатынын, қалай дыбыстайтынын, қалай күтуге болатынын айтқызады. Сонымен бірге дене мүшелерін де атап, үй жануарлары туралы балалардың білетін жұмбақтарын шешкізеді.

Дәл тауып айт
Ойынның мақсаты: балаларды көрген суреттерден үй жануарларын, аңдардың және құстардың аттарын дұрыс, дәл айтқызу.
Көрнекілігі: үй жануарлары, аңдардың, құстардың суреттері.
Ойын шарты: әртүрлі суреттерді теледидардан көрсетіп шығады. Балалар бірінші суреттен қой, сиыр, ешкі, түйені, яғни үй жануарларын, екінші суреттен аю, қасқыр, түлкіні, яғни жабайы аңдарды атайды. Үшінші суретте қарлығаш, көгершін, тотықұсты, яғни құстарды атап шығады. Жалпы және жеке ұғымдарды бекітіп, оларды қорғау үшін, қамқоршы болу үшін не істейтіндері сұралады.


Менің сүйікті ертегілерім
Ойынның мақсаты: ертегі кейіпкерлері бойынша
Ертегілерді атау, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырату. Достыққа, адамгершілікке, жолдастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлерінің суреттері.
Ойын шарты: сурет бойынша ертегілердің аттары мен мазмұнын айту.












Страницы: <<  <  5 | 6 | 7
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: