Оқытушы имиджі – кәсіптік қызметінің табысты шарты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

қты жоғарғы дәрежеде дайын болғанмен, ол
өзінің сапалық қасиеттерін өмір бойы дамыта отырып өзінің жеке имиджін қалыптастыруға тиісті. Құрметті әріптестер! Осы тұста сендерге бір сұрақ бергім келіп тұр: Сіздер «оқытушы имиджі» - дегенді қалай түсінесіздер?(Оқытушыларға өз ойларын тұжырымдауға 2 минут уақыт беріледі. Әр үстелден бір немесе бірнеше оқытушы өз ойларын ортаға салады) Содан кейін «оқытушы имиджі» туралы өз тұжырымдамамды айтып өтемін.
Иә, әріптестер! Тәуелсіздіктің тұғырын иеленіп, көгімізде көк байрағымыз желбіреп, 50 елдің қатарынан өз орнын алып, әлемге атымыз танылып жатқан кезде, еліміздің болашағы – жас ұрпақтың білім алуы мен тәрбиесіне көңіл бөлінуде. Осы егемендігіміздің өркениетке бастар жолы – мектеп десек, баланың мектептен кейінгі тәлім – тәрбие алатын, белгілі бір мамандық иесі атанып өмірге қанат қағатын білім ордасы – колледж. Жасөспірімнің даму сатысының осы кезеңін де, оның бойына ақыл – ой, адамгершілік, ізгілік, ар – ұят, ұлттық сана – сезімді сіңіру оқытушының педагогикалық беделі болып табылады. Оқытушының педагогикалық беделі дегеніміз – студент пен ұжым арасындағы моральдық тұрақтылық , өзіндік тәртіптілік, осылар арқылы ұстаз тәрбиеленушінің мінез – құлқын реттеп , көзқарастарына дұрыс бағыт беріп отыруы.
Қазіргі таңдағы ұстаздың тұлғасы қандай болу керек?
«Ұстаз – ұлылықтың иесі» - дегендей ұстаздың бейнесі мәртебелі атағына сай болуы керек
Ұстаз қандай да болмасын өзін жаны таза , байсалды да белсенді, көркем де, әсем ұстауы тиіс. Оқытушының студент алдында білімді де білгір, ақылды да парасатты, жүрген жүрісі мен киген киімі үйлесімді болуы тиіс. Ұлы ғұлама Әл – Фарабидің: «Ұстаздық мінез – құлық нормасы мынадай болуға тиіс: «Ол тым қатал болмауы керек, бірақ тым ырыққа да жол бермеу керек. Өйткені тым қата

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: