Оқытушы имиджі – кәсіптік қызметінің табысты шарты
«Оқытушы имиджі» дегенді қалай түсінесіз?
1. Білім деңгейі мен кәсіби шеберлігінің үндесуі.
2. Ерік – жігерінің шыңдалуы, мінез – құлқының көркемдігі,
3. Ішкі жан сарайының сұлулығы мен қарым – қатынасқа деген игі тілектестігі,
4. Көңіл – күй шаттығының айнасы.
5. Ақыл – ойы, адамгершілігі және эстетикалық талғамының үйлесім табуы.
6. Өз әріптестері арасындағы қарым – қатынастың әлеуметтік – психологиялық жағдайының айқын бейнесі.
7. Ұжымдағы көңіл – күйді игере білуі.
8. Өміршеңдігінің басқару деңгейімен қанағаттанарлық түрде байланыс табуы.
9. Педагогтың сырт бейнесі(киім киісі, жүріс – тұрысы)
10. Сөз саптауы – шешендігі, ділмарлығы
Оқытушы мамандығы – ерекше мамандық. Мұғалімдер қоғамда әруақытта өздеріне ерекше назар аудартатын адамдар. Себебі біздің жанымызда әрқашан ата – аналар, оқушылар болады. Оқытушының жеке бедел қалыптасуы үлкен еңбекті қажет етеді, егер өзіңді жеке тұлға ретінде қалыптастырғың келсе жатпай – тұрмай жұмыстан, кейін соның жемісін көресің. «Встречает по одежке, провожают по уму»? деген мақалды бәріміз де жақсы білеміз. Көп адамдар үшін ең алғаш кездескендегі көзбен алған әсер сол адам туралы көзқарасты қалыптастырады. Сіздің бейнеңіз оқушы санасында қалай қалыптасса, келешектегі беделіңіз де соған байланысты болады.
Оқытушы жеке тұлға ретінде өз тәрбиеленушісін қызықтыра алмаса, ол өз беделінен айрылады. Ал егер оқушының мұғалімге деген қызығушылығы болмаса, пәнге де ешқандай қызығушылығы болмайды. Ұстазға деген қызығушылық – пәнге деген қызығушылық Оқушы мұғалімнің өміріне күш берсе, мұғалім шәкіртіне «жаңа көкжиектер» сыйлайды. Сондықтанда оқытушының бейнесі оқушыны қанағаттандыратындай болуы шарт. Маман ретінде оқытушы қаншалы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>