өз кәсібінің кемеңгері болса, онда ол оқушының тәлімгері ғана болып қоймай, қажет жағдайда – оқушының жанын түсінер жанашыры, досы бола білуі керек. Ұстаз бен оқушы арасында үлкенге деген құрмет, ұстазда кішіге деген ізеттілік қарым – қатынас орын алуы тиіс. Өскелең ұрпақты жеке адам етіп қалыптастыру – мұғалім өктемдігімен емес, әдепті, инабатты қатынас арқылы жүзеге асуы керек. «Ұстазына қарап бала өсер», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Ереже ұсынғанша, өнеге ұсын» - деп, ұстаздың оқушы атаулыға үлгі болатын, өмірдің сан тарапты жолынан адаспай өтуге бағыт беріп, адамгершілік пен еңбек сүйгіштікке, адалдық пен жауапкершілікке, түрлі ізгі қасиеттерге баулитын ұлы тұлға – ұстаз. Ұстаздың өз пәнін терең білуімен қатар, сабақ беру әдісі, мінез – құлқы, сөйлеу мәнері, ұқыптылығы, әдебі, мәдениеті, дүниеге көзқарасы, оқушы жанын түсінуі, әділдігі – осының бәрінің тәрбиелік маңызы зор. Шәкіртінің ақыл – ойына ақырын ғана зер салып, баппеп түсіндіріп, керек жерінде қатаң талап қоя білу керек. Ұлы Абайдың «Балаға үш адамнан мінез жұғады: ата – анадан, ұстаздан, досынан. Осының қайсысынан өнеге көп көріп, үлгі тұтса соған еліктеп өтеді» - деген ұлылығы биік ұлы сөзін әрбір ұстаз жадында ұстауы тиіс.
Өзім оқытатын топтардың бірнешеуінде «Сіз өзіңізге үлгі тұтар оқытушы бейнесін қалай елестетесіз»? деген сауалнама жүргіздім.
Студенттердің 50 пайызы бет әлпетінің жағымдылығы: жеңіл күлкі,көңілді, мейірімді көз ( студенттердің көбі көзге көңіл бөлген) Киім туралы 30 пайыз студент өз ойларын былай тұжырымдаған: «оқытушы киімі жұмысқа ыңғайлы және ықшам болса, оқытушы апайлар оқытушы апайлар белдемше киіп жүрсе жағымды әсер қалдырады. Дене шынықтыру мұғалімдері колледжде сабақтан тыс уақытта спорттық формада емес,классикалық стильде жүрсе, мұғалімнің шаш сәндеуі қанд
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>