оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Ақпараттық - коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқытудың ақпараттық - коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары: 
 - электронды оқулықтар; 
 - телекоммуникациялық технологиялар; 
 - мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар; 
 - қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет. 
 Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде оқытушы алдына жаңа бағыттағы мақсаттарды қояды: 
 oo өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web - сайттар ашу; 
 oo жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; 
 oo бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. 
 oo қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету. 
 Интерактивтік оқыту технологиясы - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. 
 Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен оқытушының қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. 
 Ақпараттық құзіреттілі
		Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>
