Оқушының музыкалық қабілеті және оны дамыту

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8

те білді. Ол музыкалық фольклорды халықтың салт-дәстүрімен, сенім-нанымдарымен байланыстыра отырып, зерделеу қажеттілігіне назар аударды.
Мағжан Жұмабаев мұғалімдерге арналған Педагогика атты тұңғыш оқу құралының авторы. Ол өз еңбектерінде халық музыка өнері құралдары арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселесі бойынша көптеген құнды пікірлерін ұсынған. Оның пікірінше, баланың эстетикалық, сұлулық сезімдерін тәрбиелеу мен дамытуда өнердің - музыканың, бейнелеу өнерінің, поэзияның, сонымен қатар қоршаған ортаның әсемдігі үлкен маңызға ие. М. Жұмабаев: . . . күй адам жанын белгілі бір қалыпқа түсіреді. Көңілді мелодия көңілді сергітеді, ал мұңды - мұңға бөлейді. . . , - дей отырып, халық музыка шығарамашылығы құралдарының тәрбиелік әсеріне аса зор мән береді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров халық музыкасының жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудағы рөлін жоғары бағалайды. Оның ойынша, халық әні халықтың жанын, тарихын, мұң-мұқтажын, ерлік оқиғаларын анағұрлым анық түсінуге мүмкіндік береді. Ол балаларға халық өнері арқылы тәрбие берудің маңызыдылығын ерекше атап көрсетті. С. Торайғыров халықтың жанын музыкасыз, әнсіз, бисіз жаңарту мүмкін емес деді.
Осылайша, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының еңбектерін зерделеу және оларға шолу жасау халық музыка шығармашылығының жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудегі педагогикалық мүмкіндіктерінің мол екендігін айғақтады. Халық тәрбие тәжірибесін зерделеу қоғамның тарихи дамуының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылған. Әр кезеңдегі көрнекті ойшылдар, ағартушы- педагогтар халықтың мәдени дәстүрлерін жас ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың маңыздығына үлкен мән беріп, құнды пікірлерін ұсынған.






Страницы: <<  <  6 | 7 | 8
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: