Оқушының музыкалық қабілеті және оны дамыту

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ақ халқының ауыз әдебиеті мен музыка шығармашылығы аса құнды рухани құндылық болып табылады. Ол жазып алған халық ауыз әдебиетінің туындылары (мысалы, Қозы - Көрпеш, Баян - Сұлу, Ер - Көкше, Орақ, Манас, Едіге, Көкетайдың асы және т. б. ) өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің озық үлгілері болып табылады.
Сонымен қатар оның Қырғыз шежіресі, Жоңғар очерктері, Қырғыздар туралы жазбалар және т. б. еңбектерінде қазақ халқының ауыз әдебиеті мен музыка шығармашылығы туралы құнды пікірлер айтылады. Мысалы, Қырғыз шежіресі атты еңбегінде Ш. Уәлиханов қазақтардың суырып салмалық қабілетке, музыкалық-әдеби өнерге бейімділігін, халық ақындарының асқан дарындылығын атап көрсетеді.
Ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абай Құнанбаев музыка өнерінің халық өміріндегі алатын орнын мынадай өлен жолдары арқылы анықтайды:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең.
Абай халықтық музыка өнерін эстетикалық және адамгершілік тәрбиенің аса маңызды құралы деп таниды. Оның пікірінше, жақсы ән мен тәтті күй жан азығы ретінде жоғары талғам мен Отанға деген сүйіспеншілікті, адамгершелік қасиеттерді тәрбиелеуге негіз болып табылады.
Қазақ тілі білімінің негізін қалаушы, қоғамдық қайраткер, ақын, аудармашы, көрнекті ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновтың әдеби мұрасындағы ол жинақтаған және жариялаған фольклорлық материалдар, мысалы, 20 - жылдар Мәскеуде жарық көрген Ер Сайын жыры, 23 жоқтау атты еңбектер ерекше маңызға ие. Ал Әдебиет танытқыш атты еңбегінде А. Байтұрсынов халық ауыз шығармашылығының өзіндік жіктемесін ұсынады.
Халел Досмұхамедов халық мәдениетінің мазмұнын зерттеуге және оны насихаттауға үлкен мән беріп, халық өнерінің адам өміріндегі маңызы мен рөлін атап көрсе

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: