Оқушының музыкалық қабілеті және оны дамыту

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ының нәтижесі дейді. Философ-гуманист ретінде Әл-Фараби адамдарға үлкен ләззат сыйлайтын музыка қандай да бір жеке тұлғаның немесе жекелеген халықтың меншігі емес, оны шығаруда барлық халықтар қосыла еңбектенген деген пікірін білдіреді. Өзінің музыкатанушылық еңбектерінде ұлы ғұлама халық музыкасының емдік қасиеттеріне тоқталып, оның тәрбиелік, қоғамдық рөліне аса үлкен мән береді.
IX-XII ғ. ғ. озық педагогикалық ойдың көрнекті өкілі Жүсіп Баласағұнның Құтты білік атты еңбегінде дүниетанымдық идеалдар, педагогикалық ой-толғаулар баяндалады. Оның пікірінше, адалдық, әділдік, жақсылық жасауға құштарлық тек дұрыс тәрбие арқылы қалыптастырылады.
Қазақ халқының көрнекті ағартушылары Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев халықтың мәдени мұрасын мен оның жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін өте жоғары бағалаған. Халық ауыз шығармашылығының тамаша үлгілері олардың шығармашылық және практикалық іс-әрекетінің негізін құрады.
Ыбырай Алтынсарин халық ауыз шығармашылығының шексіз байлығын, ондағы ертегілердің, мақал-мәтелдердің білімдік және тәрбиелік мәніне аса жоғары баға берген. Өзінің Қырғыз хрестоматиясы атты еңбегінде ол қазақ фольклорының көптеген үлгілерін қамтыды. Ы. Алтынсарин хрестоматияға ең алғаш рет музыкалық тақырыпқа байланысты жұмбақтарды енгізді. Сонымен қатар мектептегі музыка сабағының бағдарламасына міндетті түрде музыкалық аспаптарды, әсіресе, домбыраны пайдалануды енгізу қажеттілігін талап етті.
Шоқан Уәлиханов қазақ халық педагогикасының балалар тәрбиесіндегі алатын орнына, оның жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін, ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы рөліне үлкен мән берген. Оның еңбектерінде халықтың ауыз әдебиеті, музыка шығармашылығы, халық ақын-жыршыларының шеберлігі мәселелері кеңінен орын алған. Ш. Уәлихановтың пікірінше, қаз

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: