Оқушылардың қазақ тілінен өздігінен орындайтын жаттығулар жүйесі және олардың ерекшеліктері
Қазақ тілінен оқушылар орындайтын жаттығуларды әдістемелік еңбектерде: "Жаттығу - оқу материалын меңгертуді ұйымдастырғанда, оқу процесінде қолданылатын әдістемелік жүйенің құрылымдық бірлігі" деп анықтайды. Жаттығуларды өздігінен орындау негізінде оқушылардың ақыл-ой әрекеттері, ақыл-ой қызметінің белсенділігі қалыптасады, дамытылады. Тілдік және ой операцияларының күрделенуіне байланысты жаттығулардың бірінен соң екіншісі орындалады. Оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізуі үшін жаттығуларды ғылыми негізде тиімділікпен жасалуы қажет.
Жаттығуларды орындау барысында оқушылар төменде көрсетілгендей түрлі ізденімдік - зерттеу міндеттерін шешеді:
тілдік құбылысты бақылайды, оның қандай да бір қасиетін анықтау мақсатында бақылаулар жүргізеді;
сөздердің табиғатын тануда, жасалу процестерін талдауда фонетикамен, лексикамен, морфологиямен, синтаксиспен байланысын таниды;
түрлі шығармашылық мақсаттардағы тапсырмаларды орындайды.
Әдістемелік еңбектерге сүйенсек, тілдік және сөйлеу жаттығуларының қазіргі кезде 30 шақтысы белгілі, олар түріне, тәсіліне, типіне, мақсатына қарай жіктеледі.
Жаттығулар және олардың жіктелуі
Реті
Жіктемелер
Жаттығулар
1
Мақсатына қарай
Тілдік, сөйлеу, рецептивтік, репродуктивтік, аспектілік, кешенді, оқу, табиғи-коммуникативтік, жаттықтыру, бақылау жаттығулары
2
Оқу материалы табиғатына қарай
Диалогтік тілдегі, монологтік тілдегі жаттығулар
3
Орындалу тәсіліне қарай
Ауызша, жазбаша, бір тілдік, екі тілдік, механикалық, шығармашылық, сыныптық, үйде орындайтын, индивидуалдық, екі-екіден, топтық жаттығулар
4
Сөйлеу қ
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>