6 - жаттығу. Берілген сөздердің синонимдерін анықтаңдар. Олардың әрбірін қосып бұйрықты, лепті, сұраулы, хабарлы сөйлем құраңдар да, синонимдерін алмастырыңдар, қандай мағыналық өзгерістер пайда болғанына сипаттама беріңдер.
1. Сабыр
2. Есті
3. Қуатты
4. Келбет
ҮІІ деңгей Шешендікке баулу жаттығулары
7 - жаттығу. Берілген сөз тіркестерінен рифмалық үлгідегі шешендік сөз үлгісін (сөйлем) жасаңдар.
Азған елдің белгісі, тозған елдің белгісі, көргенділік белгісі, надандылық белгісі, балалықтың белгісі, шалалықтың белгісі
Терме диктанты. Айтылу мақсаты мен сазына қарай сөйлем құрауға негіз болып тұрған сөздерді теріп жазыңдар.
Жиналыс басталды ма? Қане, жігіттер, аттарыңды қамдаңдар! Сонша малға жерді қайдан таппақсың? Жоғал, көзіме көрінбей! Өзіңіз қандай ақыл бересіз? Тыңда, дала, Жамбылды! Жарыс туын жоғары ұстайық! Жездең ертең келетін шығар? Тапсырманы орындамай көрші! Оған өлең ұнады білем, сірә? Бейшара-ай, мынаның тарта алмай келе жатқанын-ай! Не деген әсем дауыс!
Өздеріңіз байқағандай жаттығулар оқулықтан ауытқымай, тақырыпты жан-жақты ашуға мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылған. Мұндай тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқулық шеңберінен тыс жұмыс жасауына қолайлы.
Қолданылған әдебиет: Н. Құрманова, "Қазақ тілін дамыта оқыту технологиясы", Астана, 2007 жыл.
Страницы: << < 3 | 4 | 5