Оқушылардың қазақ тілінен өздігінен орындайтын жаттығулар жүйесі және олардың ерекшеліктері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

лдын ала талқылауға үйрету жаттығулары
ҮІ деңгей
Тіл мәдениеті жаттығулары
Сөз дұрыстығы, сөйлеу шеберлігіне арналған жаттығулар
ҮІІ деңгей
Шешендікке баулу жаттығулары
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, шешендіктің алғашқы элементтерін меңгеруге, тілдік элементтенттерін меңгеруге, тілдік шешімдерге келу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар

Жаттығулар жүйесін іштей мұндай деңгейлерге бөліп және оларды жіктеу, сипаттау ісі өте күрделі. Өйткені, "тілдік" жаттығулар мен "ойлау" жаттығуларының, "сөйлеу" жаттығулары мен "танымдық" жаттығулардың нақты ара жігін ажырату мүмкін емес. Бір деңгейдегі жаттығуды орындау барысында оқушы екінші деңгейдің де міндет - мақсатын шешіп, астарласып, қайталап жататыны белгілі. Бұл деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушы алдымен тілдік бірліктердің нақты белгісін анықтауы керек, содан кейін, сол белгіні сыртқа жариялап тұрған ішкі қасиеттер мен заңдылықтарды "іздеп - зерттеу, табады", сосын барып оқушы өзінің ауызекі сөйлеуінде немесе жазба тілінде қолданады. Зерттеуші ғалымдардың айтуынша, жаттығулар жүйесі талдау жасаудан басталып, одан кейін оқушының өз бетінше орындайтын жаттығуларына - тілдік конструкцияларды жасауға, өзгертуге, алмастыруға ауысуы керек. Грамматикалық - тілдік жаттығулардың санын мол етіп бергенде, оның барлығы сабақта орындалмайтындығына назар аударғымыз келеді. Бір сабақта талдаудың екі не үш түрі орындалса да, терең, сабақтасқан талдаулар желісі оқушыда топтастырылған ұғым жасауға арналады. Бірақ, жаттығулар оқушылардың өз бетімен орындауына мүмкіндіктер жасап, мол етіп ұсынылады.
Төменде оқушылардың өздігінен орындайтын жаттығуларын 8 - сынып оқулығына қосымша ретінде дайындап, назарларыңызға ұсынып о

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: