Отбасылық спорттық жарыстарға қатысудағы
ата-аналар белсенділігін арттыру жолдары
Сембаев Р. С.
«К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі
Қазіргі заманғы мектептің мақсаты-жеке тұлғаны толық дамыту және білімдендіру болып табылады. Оқушылардың білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызуда тәрбиенің алатын орны ерекше.
Жаңашыл ұстазы Ш. Амонашвили өзінің ұстаздық қызметі нәтижелерін жинақтай келе «Баланы тәрбиелеуді оның ата-анасынан бастау керек» деген екен. Себебі, оның есептеуі бойынша оқушының барлық өмірінің тек 7 ғана мектептегі тәрбие үлесіне келеді екен. Олай болса, тәрбие ісінде ата-ананың алар орны, беделі жоғары болуы керек. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың басты ұстазы-ата-анасы. Бала-ата-ананы бейнелейтін айна. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет-дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – аға ұрпақ өкілдерінің басты мақсаты. Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға белгілі. Ата – ананың үйдегі іс – әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Осы жерде «Аға әдепті болса, іні әдепті, Әпке әдепті болса, сіңілі әдепті»,-деген халық мақалы ойға оралады.
Сондықтан, жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Ата-анаға өздері өмірге әкелген әрбір баласы үшін қаншалық жауаптылығы Қазақстан Республикасында Заң жүзінде қарастырылған. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және ол
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>