қ әрекетке ата-аналардың қатысуы бала тәрбиесінде ықпалы күшті екендігін әңгіме арасында жеткізу. Үлгілі отбасыларды мысал ете отырып, жеке әңгімелер жүргізу, тақырыптық өнегелік кештер өткізу керек. Ата-аналарды мектептегі іс- шараларға, мектеп өміріне тарту мақсатында жиналыстарға әкелерінің келуіне ықпал етеміз. Оқушылардың ата-аналармен жағымды қарым-қатынасты реттеп алып барып, өздерінің қолдауымен спорттық шараларға, сайыстарға, ертеңгіліктерге қатысуға шақыру. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігі ата-аналармен, қоғамдастықпен, мектептің ынтымақтастықта. Бала тәрбиесі мен дамуында басты рөл отбасында. Отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, оны бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет.
Қорытындылай келе ата-анамен бірлескен іс-әрекет арқасында қарым-қатынас мәдениетін меңгерген, оқу-тәрбие процесінде алған білімін өз өміріне пайдалана алатын, отбасылық құндылықтар мен этномәдени құндылықтарға сүйіспеншілігі бар, ата-ана мен Отан алдындағы перзенттік парыз бен борышты сезінетін тұлға тәрбиеленеді. Ата-аналармен жұмыстың нәтижелі болуы ұстаздың таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлылығына байланысты болатынын ұмытпау керек. Отбасылық спорттық жарыстарға ата-аналар қатыса отырып мектеппен ынтымақтастығы артады. Өз баласы жайлы өзін мазалап жүрген сұрақтарға мұғалімдермен бірлесе отырып жауап таба алады. Ата-ананың мектепке, мұғалімге деген сенімі артады. Мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы жоғары деңгейде болса тәрбиелі, білімді, ұлтжанды, төзімді, рух
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>