арды тәрбиелеу-ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» -деп көрсетілген. Демек, баланы өмірге бейімдеуде ата-ананың орны ерекше. Отбасынан дұрыс тәрбие ала алмаған адамды, ешқандай мұғалім тәрбиелей алмайды. Тәрбиелілік мектеп пен ата-ана, қоғамдық орта бірлесіп жұмыс істегенде үйлесімді болады. Баланың өмірге құштарлығы достарына, ұстазына, ата-анаға байланысты. Олардың күнделікті іс-әрекеті, жүріс-тұрысы, сырт көрінісі, сөйлеген сөзі, әдептілік т. б. қасиеттері бала санасына өз әсерін тигізетіні хақ.
Бала – ата-ананың ұрпағы ғана емес. Бала бір ұлттың келешегі. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген жеке тұлға етіп етіп тәрбиелеу қоғамның ең өзекті мәселесі. Отбасы мүшелерінің ынтымақтастығын жүзеге асыруда ана негізгі рөл атқарса, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын жүзеге асыруда негізгі рөлді сынып жетекші атқарады. Отбасымен жүргізілетін жұмыстарды қазіргі уақыт талабына сай етіп ұйымдастыру сынып жетекші қызметінің маңызды міндеттерінің бірі. Сондықтан ата-ана, ұстаздар болып, жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді басты назарда ұстағанымыз жөн.
D
D
J
º
Þ
hº
hº
Зерттеу нәтижесі негізінде ата-анамен бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туады. Отбасының тәрбиелік мүмкіндігін, күш қуатын анықтап, сыныпта оқу-ағарту жұмыстарын өткізу, тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-анаға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру, педагогикалық, психологиялық, медициналық, Заң туралы кеңестер беру, психологиялық жайлы ахуал тудырушы тренингтер өткізу керек. Балаға үй тапсырмасына ата-ана мен баланың біріккен шығармашылық жұмыс жасауын тапсыру арқылы ата-аналарды оқу-тәрбие жұмысына біртіндеп тарту. Сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>