Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылығын дамытуды педагогикалық қолдау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

сіну керек. Философиялық сөздікте шығармашылық қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский «шығармашылық» деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе, ақыл, ой саласында болса ол психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептеді. Бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарынан сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Шығармашылықты дамыту - бұл оқушылардың өзіндік әрекетінің ең жоғарғы формасы. Еңбек жағдайларына байланысты шығармашылық құрастыру, модельдеу және еңбек объектісін көркемдеп өндеу кезінде байқалады.
Осы тұрғыда ежелгі гректің афоризмінде «Бала жаны –толтырылатын бос ыдыс емес, тұтатуды қажет ететін алау» делінген екен, ал өз халқымызда «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, балалардың өнерге деген білімін қалыптастыру техника моделін жасауды үйрету кезінде оқушылардың жалпы еңбек ету іскерлігін жетілдіріп, жинақтай түсуге, яғни жұмыс тиімді ұйымдастыра, жоспармен және саналы әрекет істеуге, жұмыс үстінде өзін-өзі, өзгелерді бақылай білуге, тың жағдайда тапқыр шешім таба білуге үйретеді.
Техникалық конструкциялау балалар үшін әрі қызықты, әрі шамаға лайықты әрекет түрі, оның міндеті-техникалық макеті мен жұмыс істейтін модельдерін жасау. Модель жасаған кезде оқушылар дербестігін, тапқырлығын, шығармашылық қабілетін көрсете алады.
Үйірме жұмысында дұрыс бағыт-бағдар беру үшін жұмыс бағдарламасы құрастырылып бекітіледі, үйірменің ұраны, мақсаты мен міндеттері анықталады. Бағдарламада қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу көбірек орын алады. Қағаз бен қатырма қағаздан конструкциясына қарай әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға керекті

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: