отыру. Сол сияқты үйірме сабағының арнайы құралдары – кез-келген бұйымды жасауға қажетті құрал-жабдықтар (ине, жіп, қайшы, қағаз, балта, шеге және . б. ) болса, қосалқы құралдары болып – бұйымды жасау үшін үлгі ретінде, балалардың зейін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қолданылатын құралдар, яғни көрнекі құралдар (бұйымның қалай жасалатыны сатылай көрсетілген сызба, кесте, плакаттар) табылады.
Демек, көрнекі құралдарды адамды өмірге дайындайтын құрал ретінде тануға болады. Ғұлама педагог Ушинский: «Көрнекілік принципі сабақты шын өмірмен сабақтастырып, беріліп жатқан білімді оқушыларға меңгертіп қана қоймай, оны көзбен көрсетеді» - деп пікір білдірген болатын. Яғни, жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, біз оның сөзінің шыншылдығына көзіміз жетті.
Қазір мектеп бітіруші жастарды техниканы меңгеріп, оның тетіктерін жетік білетін етіп тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр. Адам баласы қандай бағытқа бейім болсын, ең алдымен оның шығармашылығының деңгейі биікте болу керек. Ал шығармашылық кез-келген ғылымның саласын меңгеру барысында дамиды. Сол сияқты техникалық үйірме сабағында балаларға заманымызға сай білім бере отырып, үйірме жұмысында мына тапсырмалар жүзеге асырылады:
Оқушылар қазіргі өндіріс негіздерімен таныстырылады;
Оқушылардың технологиялық жобалау және құрастыру есептерін өз бетімен шешу қабілеттіліктері дамиды;
Оқушылардың өзін-өзі тануын қамтамасыз ету және техникалық мамандығының қыр-сырын оқып таниды;
Еңбексүйгіштікке, іскерлікке, бірлестікке, адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа, ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиеленеді;
Қолдану бұйымдарын еңбек объектісі ретінде пайдалану және оларды дизайн талаптарына сай жасауға үйренеді.
Осы жылдар аралығында үйірме жұмысының жетістіктері мен нәтижел
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>