Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылығын дамытуды педагогикалық қолдау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

оята алуға себеп болады. Қазақ халқы «Баланы жастан» деп айтқандай, балаға жас кезінде қандай бағыт берілсе, ол өсе келе сол бағытты өзі-ақ алып кетеді. Демек, адам баласының «Он саусағынан бал тамғандай» етіп тәрбиелеуде технология сабағының ықпалы зор.
Оқушылардың сабақтан алған білімін нақтылап, дамыта оқытудың бірден- бір жолы - үйірме жұмыстары. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, «Шебер» алғашқы техникалық үлгілеу үйірмесін ашуды ұйғардым. 3-6- сыныптар аралығынан қолөнерге, техникаға бейімі бар оқушыларды жинақтап, үйірме жұмысын бастадым.
«Шебер» алғашқы техникалық үлгілеу үйірмесінің басты мақсаты- оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өндеп, өндіруге бейімдеу болып табылады. Сондай- ақ оқушылардың техника мен технология әлемін зерттеп, зерделеуін, кәсіптік іс-әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуын қарастырады.
Кез келген педагогика оқулықтарында танымдық әрекеттің түрлері бар екені белгілі.
Репродуктивті танымдық әрекет дегеніміз-шығармашылықты қажет етпейтін, берілген нұсқау үшін орындалатын іс-әрекет. Продуктивті (өнімді) танымдық әрекет дегеніміз- шығармашылық ізденістер нәтижесінде іске асатын іс-әрекет.
Енді осы продуктивті танымдық әрекет нәтижесінде игерілген білімді зерттеушілер екі деңгейге бөледі:
Конструктивті игеру деңгейі- оқушының стандарттан өзге жағдаяттарға алған білімін қолдана білуі.
Шығармашылық игеру деңгейі- оқушының өз бетімен мақсатты іздене отырып, нәтижеге жету жолында әдіс, тәсілдерді тауып, зерттеп, қорытындылай алуымен сипатталады.
«Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиясы «шығару» «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп тү

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: