Особенности групповой работы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Топтық жұмыстың тиімділігі
Қазіргі таңда оқушыларды ХХІ ғасырға дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Жеке тұлғаға және нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіне көшуде жаңа технология мен озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастықта зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Қазіргі әлеуметтік - мәдени жағдайдағы өмір сұранысына сай білімі бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін - өзі дамытып жетілдіре алатын азамат тәрбиелеуде ұтымдысы жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологияларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Бүгінде мұғалім оқушыларға дайын білімді беруі ғана емес, керісінше қиыннан жеңілге қарай көтерілуіне бағыттап, оқушының сыни тұрғыда ойлау қабілеті қалыптастыруы керек. Ол үшін мұғалімнің өзі де жаңашыл идеяларға бай болуы тиіс. Инновацияларды енгізу арқылы біз де оқыту мен оқу үрдісіне бүкіл әлемде тиімді қолданылып жүрген заманауи тәсілдерді қолдану керекпіз. Сындарлы оқыту әдістемелерінің тәсілдерін білім беруде пайдаланып, оқушының пәнді терең түсінуін дамытып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етуіміз керек. Мысалы: оқыту мен оқу үрдісінде топтық жұмыстың тиімділігі өте зор. Кез келген сабақта шағын топтар құрып, оқу материалын талқылаудағы тапсырманы жан-жақты топ арасында талдап, оқушылардың бірлесе жұмыс жасауы арқылы бір-біріне түсіндіргендері ұтымды жұмыс.
Жалпы, топтық оқыту - үлгісі педагогикалық үдерістің бір элементі болып табылады. Топтық жұмыс оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің көрінісі, үдеріс барысында топ мүшелері өз функцияларын орындап, бірлескен оқуға дағдыланады. Әркім өзі үшін және басқалар үшін жауапкершілікті сез

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: