Особенности групповой работы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

інеді.
Бірлескен оқу - бұл оқыту мен оқу тәсілі. Осы аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлде бір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Мұнда оқушылар бір-біріне түсіндіре талдау жасап, әңгімелеседі, яғни әңгімелесу арқылы білім алып, бірін-бірі оқытады, оқушылар арасында "оқушы-оқушы" қарым-қатынасы дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.
Топқа бөлуде әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы бөлген дұрыс. Топ мүшелері бір-бірімен жақынырақ араласып, яғни қарым-қатынасы дамиды, ортақ мақсатқа жетуге талпынады. Топта ойын атмосферасы қалыптасып, іскерлік дағды орын алады.
Топта бірлесе жасаған жұмыс барысындағы оқушылардың өзара ықпалдастығы олардың оқуға қызығушылығын күшейтеді. Оқу әрекетіндегі ықпалдастық сыныптағы психологиялық ахуалға және оқушылардың өзін-өзі бағалауына әсер береді. Топтарда жұмыс жасау оқу материалын меңгеруге де жағымды ықпал етеді. Мысалы: менің әр сабақта алға қоятын мақсаттарымның бірі, балалардың сөйлеу тілін дамыту болып табылады, сондықтан әрбір сабағымда сұрақ-жауап, яғни диалог құрудың бірнеше әдістерін қолданып, топтарға бөлемін. Сұрақ-жауап әдісі мен үшін диалог құрудың ең ұтымдысы, себебі балалар сұрақ құруға және сұраққа жауап беруге үйренеді. Нәтижесінде өзара қарым-қатынас жасауға дағдыланады. Сұрақ-жауап әдісін ойын, топтық, жұптық жұмыс ұйымдастырғанда да тиімді қолданамын. Мұнда ең алдымен, балалар түсінбегенін бір-бірінен сұрап алуға мүмкіндік алады, екіншіден, білмегенін сұрау үшін сұраулы сөйлем құруға үйренеді.
Н. Ә. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: