і уакытта жұмыс істеуге тартуға олардын келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі уакытта жұмыс істеуге 18 жаска толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді.
Демалыс уақытынын ұғымы және түрлері
Демалыс уақыты кызметкердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны өз калауы бойынша пайдаланатын уақыты. Оның еңбек зандарына сәйкес мынадай түрлері бар:
1) демалуға және тамақтануға арналған үзіліс;
2) күн сайынғы демалыс;
3) демалыс күндері;
4) мереке күндері;
5) демалыстар.
Демалуга және тамақтануға арналған үзіліс. Күнделікті жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзактығы бір сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. Занда үзілістін тек төменгі ұзактығы ғана белгіленген. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және оны кызметкер өз калауы бойынша пайдаланады. Түскі үзіліс 4 сағат жұмыс істегеннен кейін беріледі.
Арнаулы үзілістер. Еңбек заңының 54-бабында жылдың суык, мезгілінде ашық далада, жылу берілмейтін жабық үй жайларда жұмыс істейтін, жүк тиеу-туеіру жұмыстарымен айналысатын қызметкеряерге жылыну және демалу үшін арнаулы үзілістердің берілетіні көзделген. Бұл үзілістер жұмыс уақытына қосылады және жұмыс берушінің актілерімен айқындалып, ұжымдық, жеке еңбек шарттарында белгіленеді,
Күн сайынғы демалыс. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы демалыс күн сайынғы демалыс болып есептеледі. Оның ұзақтығы жұмыс уақытының режіміне байланысты, бірақ 12 сағаттан кем болмауы тиіс.
Демалыс күндері. Кызметкерлерге апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, яғни демалыс күндері беріледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына -- екі, ал алты күндік жұмыс ап
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>