Оқшау сөздер

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ерек.
- Оқушыны жаңадан меңгерген білімін кез-келген жағдайда тани алуға дағдыландыратын болуы қажет.
- Жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көмек бере алуы тиіс.
Мұнда оқушыға аса ойлануды қажет етпей, тез жауап бере алатындай сұрақтар мен тапсырмалар беріледі, яғни оқулықта бар мәселелер қамтылуы керек. В. П. Беспалько бұл деңгейдегі тапсырмалардың мақсаты, орындалу жолдары айқын болуы қажет екенін ескертеді. Қазақ тілі сабағында бұл деңгейге лингвистикалық ережелер, анықтамалар, сөйлем ішінде керекті грамматикалық көрсеткіштерді тану, мысал келтіре алу т. б. жатады.
ІІ деңгей. Алгоритмдік деңгейде орындалатын тапсырмалар:
- Өткен материалмен өзара салыстыра отырып, жаңа материалдың ерекшеліктерін ажырата алуға негізделген болуы керек.
- Сөйлемді дұрыс құрай алуға машықтандыратын болуы қажет.
- Тапсырмада, грамматикалық, лексикалық т. б. тақырыптардың желісі үзілмей, өзара байланысып, бірін – бірі толықтырып отыруы тиіс.
- Тапсырмалар берілген ойды жалғастыратындай болуы керек. Бұл деңгейдегі берілген тапсырмалардың мақсаты айқын болып, ол мақсатқа жету үшін тапсырмалардың орындалу жолдарын табу оқушыдан талап етіледі. Оқушы бұл кезде мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдаланады.
ІІІ деңгей. Ізденімділік (эвристикалық) деңгейде орындалатын тапсырмалар:
- Оқушыны іздендіре отырып, нәтижесінде өзіне жаңа білім алуын қамтамасыз ететін болуы керек.
- Оқушыны қосымша әдебиетпен, түрлі сөздіктермен жұмыс жүргізуіне бағыттайтын болуы қажет.
- Оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін тапсырма болуы тиіс.
Мұндағы тапсырмалар оқушыдан ізденуді қажет етеді. Оқушы бұрын алған білімінің негізінде және қосымша әдебиеттің көмегімен тапсырманы ой еңбегін іске қосу арқылы шеше алады.
ІҮ деңгей. Шығарма

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: