. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты;
2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруі мен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды;
3) Эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді;
4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Саралап білім беру – қабілеті және мақсаты әр түрлі оқушылардың дамуына жағдай жасайды. Даралап-саралап оқыту технологиясының мақсаттылық принципі – әр сабақты өткізуге арналған жоспарда, ең бірінші, сол сабақтың мақсаты көрсетіледі.
Деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту. Оқушылардың білім сапасын көп жағдайларда төмен болуы осындай түрлі жағдайларды ескермеудің салдары деп айтуға болады. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау оқушылардың іскерліктерін жүзеге асырады.
Қазақ тілі сабағында деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат – оқушылардың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді жүзеге асыру қажет:
Оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасау.
Оқушылардың бір – бірімен білім алмасуына бағыт беру.
Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сөздік қорын байыту.
Деңгейлік тапсырмаларда әр деңгейдің алатын орны бар. Әр деңгейде орындалатын тапсырмалар түрлі талаптарды көздейді:
І деңгей. Оқушылық деңгейде орындалатын тапсырмалар:
- Мұғалім түсіндірген білімді оқушының қайталап бере алатындай болуы к
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>