Оқшау сөздер

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

ОҚШАУ СӨЗДЕРДІ ДЕҢГЕЙЛЕП – САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУ
Қазіргі заман талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн. Оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін қалыптастыруда оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың маңызы ерекше. Технология – грек тілінен аударғанда шеберлік деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің мағынасы – педагогика саласында қолданғанда шеберлікпен өнім алу, нақты нәтижеге жету. «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі». Ал педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.
Білім сапасы білім беру мазмұны, оқыту формалары мен әдістері, технологиялары негізінде анықталады. «Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі» – деп көрсетеді С. В. Селевко.
Оқушыларды ойлай білуге, ойларын дәл жеткізе білуге үйретуде Ж. А. Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану үлкен нәтиже береді. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж. Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген.
1) репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: