r/>5-тапсырма. Ы. Алтынсарин кім?
6-тапсырма. Әліппенің атасы деп кімді атайды?
7-тапсырма. Өнер-білімге байланысты мақал айт. 
8-тапсырма. Еңбекке байланысты мақал айт. 
Егер жауаптарың дұрыс болса шырша жанады. 
-Сонымен қандай әңгімемен таныстық?
-Бұл әңгімені кім жазған?
-Ы. Алтынсарин кім?
-Әңгімеден не түйеміз?
YІ. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау. 
 
 Сабақтың тақырыбы: "Ұрпаққа ұран болған Ұлы жеңіс"
Мақсаты: 1. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру. 
2. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. 
3. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. 
Барысы:
Мұғалім: Балалар, бүгінгі " 9 мамыр - Жеңіс күні " атты сынып сағатымыз бізге балалық шақ, бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады. 
Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштер мен обелисклерге барады. 
Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын койып, батырлар есімін еске алады. 
1 оқушы: Бұлт түнеріп аспаннан,
 Талай көзден жас тамды. 
 Тұтқиылдан жау тиіп,
 Қырғын соғыс басталды. 
2 оқушы: Отаным еркелеймін енді кімге,
 Өзіңмен нені болса көрем бірге. 
 Қалайша қабырғама батпас менің,
 Басыңа қатер бұлты төнген күнде. 
Мұғалім: Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әрбір көктем бізді ойша сонау ұмытылмас, әрі көптен күткен 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады. 
 Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
 Болса дағы қай ғасырды, қай күні. 
 Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
 Есіне алмақ сол бі
		Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>
