р апат қайғына.
( бір минут үнсіздік)
1941 жылы 22 маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.
3 оқушы: Ойлап-ойлап тұрдым көп
Сұрақ қойдым білгім кеп:
- Қуанышты мереке -
Жеңіс күні қай күн деп?
Атамнан да сұрадым,
Әкемнен де сұрадым,
Ағамнан да сұрадым,
Анамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
- Дұрыс, - десті сұрағың. -
Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні, шырағым!
Мұғалім: Өз халқының батырлығын әлемге әйгілі еткен қазақтың Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағуловадай батыр қыздары туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды.
4 оқушы: Сонау жылы жер-көкті,
Соғыс бұлты торлаған.
Сонда Мәншүк апамыз
Жаудан елді қорғаған.
Мұғалім: Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген. Шын аты Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп кеткен. Әкесі дәрігер болған. Мәншүк соғысқа өз еркімен аттанады. Мәншүк ол кезде небары 19 жаста болған. Елін жаудан қорғаймын деп шепке сұранып пулеметші болады. Өзі қорғаған Невель қаласында Мәншүкке ескерткіш қойылған.
5 оқушы: Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз біз жыр етіп.
Әлия апай ерлігі
Ұмытылмас мәңгілік.
Әлия 1924 жылы Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әүбәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейін ағасы Ленинград қаласына көшіп келеді де, Әлия сол қалада оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. Соғыс басталғанда ол 17 жаста еді. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді.
Зымырап жылдар өтеді,
Жанымыз жауға ызалы.
Соғыста өлген атаны
Бөбегім сен де ұмытпа.
- Ал, сендер Отанның қадірін білеті
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>