t;Өнер-білім бар жұрттар" деген өлеңдерімен жоғары класта танысатын
боламыз.
Ы. Алтынсарин сонымен бірге аудармашы болған. Ол түрлі орыс хрестоматияларынан әңгімелер-
ді аударған. Әңгімені сол күйінде аудармай қазақ тұрмысына жақындатып өзгертіп жазған.
Соның бірі бүгін "Бір уыс мақта" әңгімесі. Оны орыстың педагогі И. И. Паульсонның хрестомати-
сынан аударған екен.
Енді қазір "Бір уыс мақта" әңгімесімен танысамыз.
-Әңгімемен таныспай тұрып сіздерге сұрақ қояйын:
-Бір уыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзім толықтырып өтейін. Ерте заманнан бері келе жатқан өлшем түрлері бар. Олар ұмыт бола
бастаған көне атаулар. Соны естеріңе сақтаңдар.
Көлем өлшеміне жатады: алақандай, бір құшақ, көлдей, қос уыс, бір уыс.
Әңгімені оқып беру.
Әңгіме бойынша сұрақтар қою.
1. Кішкентай қыз не істеп отыр?
2. Шешесі қандай ақыл айтады?
3. Киімді жамап болған қыз не істеді? Не дейді?
4. Шешесі не деді?
5. Одан кейін не болды?
6. Қыз апасынан не деп сұрайды?
7. Шешесі не деп жауап береді?
Әңгімені тізбектей оқыту, рөлге бөліп оқыту.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
Мақта ақ, жұмсақ өсімдік.
ІY. Сабақты қорытындылау.
Абай Ыбырай
Ойын: "Шырша безендіру"
-Балалар алдымызда қандай мейрам келе жатыр?
-Жаңа жыл мерекесінің көркін келтіретін не?
-Балалар, жаңа жыл мерекесі таяп қалды. Ал біздің шыршамыз әлі безендірілмеген. Шыршаны
безендіруге өз үлестеріңді қосыңдар. Ол үшін тапсырмаларды орындауларың керек.
1-тапсырма. Жақында қандай мерекені тойладық?
2-тапсырма. Тәуелсіздік алғанымызға биыл қанша жыл болды?
3-тапсырма. Абай Құнанбаев кім?
4-тапсырма. Абай өлеңдерінде жастарды неге шақырады?
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>