Қош, сүйікті әліппе!

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

қандай өлеңдерімен таныстық?
-Осы өлеңдерді кім жатқа айтады?
"Әсемпаз болма әрнеге" өлеңіндегі - Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!-деген өлең жолдарын қалай
түсінесіңдер? (Оқушылардың ойларын сұрау)
-Дұрыс айтасыңдар жақсы оқып , тәрбиелі болып өсіп,оқуға түсу, қалаған мамандық иесі болу,
яғни, жақсы азамат болып өсу.
"Сегіз аяқ" өлеңінде - Еңбек қылсаң ерінбей,
-Тояды қарның тіленбей,-деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?
Осы өлеңдерді қорыта келе Абай өлеңдері неге баулиды, неге тәрбиелейді?
Абай Құнанбаев өлеңдері

Еңбекке Өнер-білімге Жақсылық Мейірбанды
баулиды шақырады жасауға болуға
Еңбекке, өнер-білімге байланысты мақал-мәтел білеміз бе?
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Балалар мынау не? (мақта)
-Мақта қандай? (Ақ, жұмсақ)
-Мақтаны неге пайдаланады? Одан не жасайды?
(Жылы, жұмсақ болу үшін көрпенің арасына салады. Жіп иіріп киім тоқиды. )
-Мақта жылы жерлерде өседі. Біздің елімізде Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай, Сайрам,
Сарыағаш, Мақтарал, Түркістан сияқты аудандарында өсіріледі. (Картадан көрсету)
-Балалар мақта тек адамдарға емес, сонымен бірге құстардың да қажетіне жарайды екен.
-Оны біз бүгінгі "Бір уыс мақта" әңгімесінен оқып білеміз. Бұл әңгімені Ы. Алтынсарин
жазған. Ы. Алтынсарин қазақтың алғашқы ағартушы-педогагы, ұстаз, ақын, жазушы, қазақ
балаларына алғаш мектеп ашқан, балалар әдебиетінің атасы. Ол қазақ балаларына арнап қазақ
тілінде "Қазақ хрестоматиясы" деген алғаш кітап жазды. Бұл кітапта балаларға арналған
әңгімелер, өлең жинақтары жазылды.
Ы. Алтынсарин де А. Құнабаев сияқты өз өлеңдерінде оқуға, өнер-білімге шақырады. Оның
"Кел, балалар, оқылық!", &quo

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: