Сабақтың тақырыбы: Қош, сүйікті әліппе!
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әліппе мен ана тілі пәнінің маңызын түсіндіру. 
 Ата-аналарға балаларының 3-4 айда қандай білім игергенін
 іс жүзінде көрсету. Оқушылардың эстетикалық талғам, сезім- 
 дерін байыта түсуге тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Қош бол сүйікті әліппем! Оқу-білім туралы мақал-мәтел. 
 Гүл, шарлар, карона (пәндер болып әліппе, ана тілі, білім )
Барысы:
Мұғалім:
-Сәлеметсіздерме құрметті ұзтаздар, ата-аналар, құрметті 1- сынып оқушылары!
 Бүгінгі 1 "А" класс оқушыларының - "Қош бол, құтты әліппем" атты ертеңгілігіне қош 
келдіңіздер!
 Шәкірттердің алғаш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы -әліппе. Бұл кітап бүкіл ғалам 
дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Осы әліппе оқулығы арқылы 42
 әріпті меңгеріп, енді одан әрі үлкен-үлкен биік білім шыңына көтеріле береді. Білім жолында-
ғы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіремін. 
Бала деген шіркін-ай балдай екен!
Тәттілігі жая мен жалдай екен!
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен!-деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай енді кішкентай 
бүлдіршендеріміздің бал тіліне құлақ салайық. 
1- жүргізуші:- Қайырлы күн, уа, халайық. Армысыздар ата-ана, ұстаздар! Әліппемен
қоштасу тойы құтты болсын!
2-жүргізуші : Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
 Кез келді сіздерден ақ бата алар. 
 Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,
 Бір қауым тамсана таңдай қағар. 
1-жүргізуші : Шашу- шашу шашайық,
 Ақ сандықты ашайық. 
 Бұл мереке ,бұл тойдың,
 Бастаңғысын жасайық. 
(Шашу шашу)
1-оқушы: Бар білімнің бастауы
 Бар ғылымның бастауы,
 Жас балаға нұр шашқан
 Қандай кітап тіл ашқан?<
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
