Қош, сүйікті әліппе!

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

әріптелген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен,
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.
12-оқушы : -Қош бол, құтты әліппе,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
13-оқушы : -Апам менің, әкем де,
Атам менен ағам да,
Шопан, ұшқыш ғалым да,
Небір мықты дарын да,
Тіл сындырып әріпке,
Ашқан алғаш Әліппе.
Би: Шығыс биі.
Мұғалім : Әліппе оқулығынан қанша әріп оқып үйреніп, жаздыңдар?
Хормен : 42 әріп.

14-оқушы : Алфавиттің " А" тұрады басында,
Әрқашанда " Ә" тұрады қасында.
Байқадың ба?
" Б" тұрады үшінші,
Ал, осының сыры неде ? Түсінші.
" А" деген ол - аналар ғой ардақты,
" Ә" деген ол- әкелер ғой салмақты.
" Б" деген ол- балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
15- оқушы: Біз жазамыз ана деп,
Біз жазамыз дана деп,
Біз жазамыз бала деп,
Биік-биік таулар деп,
Қызыл-жасыл баулар деп,
Қаһарман ел қазақ деп,
Болашағы ғажап деп.
16- оқушы : -Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты болып шықты міне балаңыз.
Хормен : Қош бол, Әліппе!
Сізге мың алғыс!!!
Әліппе : Жарайсыңдар, балалар!
-Енді менімен қоштасып, сендермен 4 жыл бірге болатын " Ана тілін"
ортаға шақырайық.

Ана тілі : Туған елдің тілімен
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім -ұраным,
Ана тілім- құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілім -елдігім
Ана тілім- ерлігім.
Ана тілі болмаса
Бүтінделмес кемдігім.
Мұғалім: Балалар ә

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: