ек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны.
Балалар: Аққала
Аяз ата: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар!
/Әуен ойналып, Аққала келеді/
Аққала: Міне мен, міне мен.
Не керек сендерге менен?
Балалар, мені шақырдыңдар ма? Сендердің дауыстарыңды естіп келдім. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Мен сендерге қызықты ойын әкелдім.
Ойын: "Аққала құрастыру"
Ойын шарты: Ойынға 4 бала шығады, екі бала жарысып, екі баланы аққала қылып киіндіреді.
Балалардың тақпақтары:
1-бала: Қар жауғанда топ бала,
Соқты келіп аққала.
Мұрны сәбіз, үп үшкір.
Көзі көмір, қап қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолында.
Мұз айдынға ойнауға
Келгендей-ақ ол мұнда.
2-бала: Қандай қызық қыс деген?
Бәрін шебер істеген.
Бақша, бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен.
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
3-бала: Қыс дегенің аймақ па?
Қатып жатқан қаймақ па?
Құлдыраймыз шанамен,
Қыр басынан сай жаққа.
Біздің байтақ далада,
Асқар тауда, қалада.
Биыл ғажап іс болды,
Таңғажайып қыс болды.
4-бала: Жапалақтап аппақ қар,
Жауды күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Жұлдыз болып ағамыз,
Ақ мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
Аққала: Менің кішкентай достарым қайда?
Би: "Аққала" /Ұлдар билейді/
Аққала: Өзіме арналған тақпақтар да, би де ұнады. Балалар, мен көп тұра берсем, еріп кетер-мін. Қош, сау болыңдар!
Балалардың орыс, ағылшын тілінде тақпақтары:
3 бала - орыс тілінде
3 бала - ағылшын тілінде
/Кыз бен кем
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>