Қош келдің, Жаңа жыл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>


Шал: Ол. . . . . .
Кемпір: Апар деген соң апар. Ал біз қызымыз екеуміз әдемі көйлектерімізді киіп, Жаңа жыл мерекесіне дайындаламыз.
/Қыз бен кемпір бәйшешекті иіскеп, сөйлесіп отырады/
Қыз бен кемпір: Жүр екеуіміз әдемі киімдерімізді киіп Жаңа жылға дайындалайық.
/Екеуі шығып кетеді/
Шал: /Қызын орманға апарады/ Қызым, тоңып қалма. Жаман кемпірдің сөзін көңіліңе алма. Жарай ма?
/Қыз шыршаның түбінде тоңып отырады. Аяз ата келіп, одан сұрайды/
Аяз ата: Қызым, тоңып қалған жоқсың ба?
Қыз: Жоқ.
Аяз ата: Қандай батыр қыз, мен саған риза болып тұрмын. Мынау менің саған сыйлығым, киіп ал. Менің көмекшім боласың.
Қыз: Рахмет ата!
/Аяз ата мен қыз балаларға келеді/
Аяз ата: Амансыңдар ма балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата!
Аяз ата: Қағып тұр Жаңа Жыл кеп есігіңді,
Болмайды той-думанның кеші мұңды.
Жаратқан түгел қылып берсін сенің,
Бақыт пен ырысыңды, несібеңді!







Балалардың тақпақтары:
1-бала: Қуанышпен келдіңіз бе, Жаңа жыл?!
Мен де саған арнайыншы жаңа жыр.
Есік ашық, дастарқаным жаюлы,
Қарсы алуға не керектің бәрі әзір.
2-бала: Жаңа жылда бақыт қандай, нұр қандай!
Бар әлемге салтанатын құрғандай.
Әрбір халық сөйлегенмен әр тілде,
Жаңа жылда бір тілек те туғандай.
3-бала: Қараңыздар, жаңа жылдың ақ таңын,
Тым ерекше гүл жайнайды бақтарым.
Жалғыз тілек: қазақ халқы өсе бер!
Сенің арқаң ел боп менің жатқаным.
Ән: "Новогодняя песня"
/Балалар жарты шеңбер болып тұрып айтады, ортасында Аяз ата билейді/
Аяз ата: Балалар, осы біздің қасымызда біреу жетіспей тұрған сияқты.
Жүргізуші: Оның кім екенін білу үшін, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:
Шел

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: