, сол гүлді теріп әкел.
Қыз: Бірақ олар көктемде ғана өседі.
Кемпір: Қалай тапсаң олай тап, әкел деген соң әкел.
/Қыз орманға жылап келе жатады. Осы кезде жылдың 4 мезгілі отын жағып жылынып отырады. /
Қыс: Неге жылап келесің, біз жылдың 4 мезгілі боламыз, кел біздің қасымызға отырып, жылынып ал.
/Қыз қастарына отырып, неге жылағанын айтады/
Қыс: Жылама, біз саған көмектесеміз.
Қыз: Жаз мезгілі, сенің қандай көмегің бар?
Жаз: Құлпырып өсер жауқазын,
Балалар қуар көбелек.
Болады ыстық бұл кезде,
Өспейді жазда бәйшешек.
Көмекті күзден сұрарсың. . .
Күз: Жайқалып өсер бидайың,
Қамбаға толып жемісің.
Салқын болар бұл мезгіл,
Бәйшешек сүйер күн көзін.
Көмекті қыстан сұрарсың. . .
Қыс: Ысқыртып аяз, бораймын,
Әнге бөлеп маңайды.
Аппақ қарға ораймын.
Мұз жамылтып даланы.
/Қыс мезгілі таяғымен сермегенде, музыка ойнап, қыздар қар биін билейді/
Би: "Қар"
Көктем: Мен көктеммін, құлпырған,
Жаңа атқан таңдаймын.
Қарды ерітіп жылғадан,
Су ағызған әрдайым.
Бүршік жарар ағаштар,
Құстар әнін салады.
Еріген қар астынан,
Бәйшешек бүр жарады.
Би: "Бәйшешек"
/Қыздар би соңында гүлдерді теріп, себетке салып береді. Қыз рахметін айтып, шығып кетеді/
Ән: "Жаңа жыл"
Ерке қыз: Анашым, маған Аяз ата қандай сыйлық береді екен-а? Осы үнемі ана шалдың қызына керемет сыйлықтар береді. Өйткені ол еңбекқор, әдемі деп барлық сыйлықты соған беріп жібереді.
Шешесі: Сен бәрінен де әдемісің, қорықпа қызым, осы жолы сыйлықтың барлығын саған беретін болады.
Қызы: Қалай?
Шешесі: Әй, шал, мында кел. Ана қызды орманға апарып таста, Жаңа жыл мерекесінде менің қызымнан әдемі қыз болмауы керек.
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>