/Балалар музыкамен кіреді. Шеңберге тұрып /поппури/ би қимылдарын жасайды. /
Жүргізуші: Келді, міне, Жаңа Жыл ортамызға,
Құт-береке әкелсін баршаңызға.
Аңсаған арманыңыз орындалып,
Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.
Жаңа Жыл сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман- үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.
/Балалар отырады, жай музыка ойналып тұрады/
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жыл мерекесі сендерге ұнай ма?
Балалар: Иә.
Жүргізуші: Әрине, бұл мереке бәрімізге ұнайды, өйткені бұл күні ғажайып ертегі әлеміне еніп кетесің.
/Музыка жаймен ойнап тұрады. Зал іші жарық сөнген, кішкене жарық түседі.
"Аяз" ертегісінен үзінді. Кемпір, шал, өгей қызы, өз қызы.
Өз қызы ерке, ұйықтап жатады. Кемпір оны ұйықтатып, шайқап отырады. /
Кемпір шалға: Ана қызды тербет, оянып кетпесін. Сенің қызың не істеп жатыр екен, қарап келейін. /Қызға келсе, тоқу тоқып отырады. /
Кемпір: Не істеп жатырсың?
Қыз: Сіңліме жылы шұлық тоқып отырмын.
Кемпір: Далаға шығып тоқы, қызды оятасың. Ол күні бойы ұйықтады, қазір оянып кетсе, тағы ұйықтамайды. /қызды далаға шығарып жібереді/
Шал: Менің қызымды далаға шығарып жібергенің не, тоңады ғой.
Кемпір: Ештеңе етпейді, өзім де сол сенің қызыңнан құтыла алмай отырмын.
/Ерке қыз ұйқыдан оянады. Шешесін шақырады/
Ерке қыз: Анашым, мен бір керемет түс көрдім. Қыста қолға түспейтін, еш жерде өспейтін. . . .
Анасы: А, ақша ма?
Қызы: Ақшадан басқа ештеңе ойламайсыз.
Кемпір: Қазір, шалдың қызынан сұрайық.
Қыста қолға түспейтін,
Еш жерде өспейтін не?
Өгей қыз: Ол бәйшешек гүлі болуы мүмкін.
Ерке қыз: А-а-а ия, сол гүл керек маған.
Кемпір: Сен орманға бар да
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>