Қош келдің, Жаңа жыл

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

пір кіреді/
Кемпірдің қызы: /қызды көріп/ Мынау әлгі шалдың қызы ма?
Аяз ата: Иа, сендер оны орманға неге қалдырып кеттіңдер? Адамға осылай қиянат жасауға бола ма?
Ерке қыз: Ол үнемі менен әдемі болып кетеді, сосын сыйлықтың барлығын соған береді.
Аяз ата: Жоқ, әңгіме сұлулықта емес, адамның жаны сұлу болу керек. Сендерге мерекеге қатысуға рұқсат жоқ.
Кемпір мен қыз: Біз әдейі дайындалып, балалармен ойын ойнасақ деп келіп едік.
Аяз ата: Балалар, бұл екеуіне кешірім береміз бе, ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: Иа.
/Кемпір мен қыз ойын ойнатады/
Ойын: "Көңілді маскарад"
Ойын шарты: Ойыншылар шеңберге тұрады. Қорапта әртүрлі киімдер, маскалар болады. Жүргізуші ішінен біреуін таңдап, ойыншыға береді, әуен тоқтағанша ойыншылар бір-біріне жалғайды, әуен тоқтаған кезде сол бұйымды киіп алады
Балалар тақпақтары:
1- бала: Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер қалмай тағаттары, -
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!

2-бала: Құтты болсын жаңа жыл барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!


3-бала: Құтты болсын жаңа жыл мерекеңіз,
Арта берсін жақсылық пен берекеңіз
Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа нұрға
Толы болсын әрдайым керегеңіз!
Ән: "Жаңа жыл" /Дәрібаевтар/
Жүргізуші: Осымен Жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жылдарыңызбен! Құттықтау сөз кезегін бөбекжай директоры Мереке Меңдібайқызына береміз.
/ Аяз ата сыйлық таратады/
































Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: