қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 сыныбының "Қош бол,балбұлағым бастауышым" атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.
Бұл салтанат қуаныш баршамызға,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 "Ә" сыныбын ортамызға.
(Оқушылар ортаға шығады)
Мұғалім:
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.
1-оқушы:
Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2-оқушы:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.
3-оқушы:
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
4-оқушы:
Армы
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>