Қош бол, бастауышым - балбұлағым

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ымыз білімділікке, әдемілікке, әдептілікке, адалдыққа, әділдікке жалпы көп нәрсеге баулыды. Сондықтан да ұстазымызға (Барлығы) Мың алғыс!
1-жүргізуші: Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Бастауыш балалықтай бір жүрек бұл.
Өздеріңе борыштармыз өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің өздеріңізге арнап жазған жүрек жарды жыр шумақтары бар. Қабыл алыңыздар
11-оқушы: Аман болшы қашанда анажаным,
Анашым ыстық маған алақаның.
Жан сүйсінтер жүректі елжіретіп,
Ботам деп еркелете қарағаның.
12 оқушы: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
2-жүргізуші:
Келесі тыңдайтын әндеріңіз, ешбір жанға теңдесі жоқ аналарымызбен әкелерімізге арналады.
Ән: "Анамшым-әкемшім"
1-жүргізуші: Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,- деп Абай атамыз айтқандай ата - баба жолын қуып, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан, Бұхар жырау т. б. қазақтың би - шешен, хандарының үлгілерін алып жүрген балаларыңыздың өнерін тамашалаңыздар
Ақсұңқар:
- Е, жырауым қазына кімде?
Дулат:
- Бізден сөз кетті ғой, өзің айта берсеңші!
Ақсұңқар:
- Мен айтсам қазына байда, басқа кімде болушы еді?
Дулат:
- Е, е, білмедің! Үш рет жұт болса, байда қазына қалмайды. Үш рет жау шапса, ханда қазына қалмайды. Қазына - білімдінің басында.
Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне:
"Дүниеде не өлмейді?"- деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:
Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді.
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді . Осы сөздің тө

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: