Қош бол, бастауышым - балбұлағым

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

ркіні дұрыс па? Қазеке сіз қалай айтар едіңіз?
Ақниет:
Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені,
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені,
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді.
Ғалымның хаты өлмейді.
1-жүргізуші: Шыр көбелек билейтін,
Мақтануды сүймейтін
Биші десең қыздардан,
Сан бұралар табылар. Біздің мына сыныпта Өнерлінің бәрі бар.
Би: "Көңіл толқыны"
2-жүргізуші Ән: "Жарқын жүзді ұстазым
1-жүргізуші: Өнерпаздар ортамызда әлі бар
Бишілердің билеп берер сәні бар
Қошеметтеп, қол соғып қарсы алайық
Вальс биін билеп берер ұл, қыз бар.
"Мектеп вальсі" биі
2-жүргізуші: Хор: "Ұстазым менің"
1-жүргізуші:
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен бүгінгі кеш аяқталды.
2-жүргізуші: Күндерге күндер ұласты
Жылдар жылжып жыл асты
Ойдағыдай бітірдік
Біз төртінші класты - дей отырып,құттықтау сөзді мектеп басшысына беру.
1-жүргізуші:
Қане,қолды жаяйық
Үлкеннен бата алайық.
Бастауышым, қош бол,- деп
Қол соғайық халайық! (Ата-аналарға сөз беру. )


Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы - мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады. Қажет болса, махаббат атаулысының өзі осы кезеңде орын алады. "Қош бол, бастауыш"
Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).
Мұғалім:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: