ізге оқушылар атынан мық бір алғысымызды білдіреміз.
Ән:
Мұғалім: Ал енді 4 "А" сынып түлектерінің орындауында "Қоштасу" вальсін тамашалаңыздар.
8- оқушы:
Қоңырау үні күмбір қағып, тынады үндер
Зымырап өтер-кетер бала күндер.
Тұрады шәкірттерін шығарып сап,
Көз жасын жасыра алмай мұғалімдер.
9- оқушы:
Бастауышым - балбұлағым,
Лаулап жансың шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен.
Самғап ұшты тау қыраның.
10-оқушы: Өтті сенде қызық шағым.
Бастауышым - балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймыз!
Қош бол, қош бол, бәрі
Сүйікті бастауышым!
Ән:
Мұғалім : Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар- деп , келесі келесі сөзді қонақтарымызға берейік.
Ата-аналарға , оқушыларға марапат қағаздарын тапсыру.
Мұғалім:
Осымен "Бастауышым - балбұлағым" атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Страницы: << < 16 | 17 | 18